"Алтын Сақа" олимпиадасында шәкірттеріміз олжалы
Математика пәні бойынша қабілетті балаларды анықтау, сыни тұрғыда ойлауға дағдыландыру және олимпиада резервін қалыптастыру мақсатында өткізілген аудандық "Алтын Сақа" олимпиадасында мектеп-гимназиямыздың білім алушылары қатысып, жүлделі орындарды иеленіп, мектеп-гимназияның мерейін үстем етті.
І орын - 6 сынып оқушысы Шынтай Әзиза. Жетекшісі: Сыдыков Еркін.
ІІ орын - 5 сынып оқушысы Әмірхан Әзім. Жетекшісі: Оңдашева Камшат.
Жүлдегер оқушыларымыз бен пән жетекшілерін құттықтаймыз!
Облыстық кезеңге сәттілік тілейміз!