Кіру
AA+
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/kazaly226.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Мектеп тарихы

Б.К.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназияның алғашқы іргетасы 1963 жылы қаланып,1967 жылы №5 санаториялық мектеп-интернаты болып, 200 оқушымен жұмысын бастаған.

 

  1. Алғашқы директор Жиеней Кемалов.

1967-1978 жылдары №5 санаториялық мектеп-интернаты директоры қызметін атқарған.

1941-1945 жылдары «Жеңіс» медальмен, 1948 жылы ВЛКСМ Орталық Комитетінің  «Құрмет грамотасымен», «СССР Жоғарғы Кеңесінің «Еңбектегі ерлігі үшін»  медалімен; «Еңбек ардагері»  медалімен, Жеңістің 55 жылдығына орай ТМД елдерінің «Ұлы Отан соғысының ардагері» белгісімен, 1966 жылы Қазақстан Республикасының  «Халық ағарту ісінің үздігі значогімен, 1967 жылы СССР Жоғарғы Советінің указымен «За трудовое отличие» медалімен марапатталып, бес бала тәрбиелеп өсірген ардақты әке.
  1. 1978-1984 жылдары №5 санаториялық мектеп-интернаты директоры қызметін Әбілқасым Маханов атқарған.

1984 жылы №226 ұзартылған күн тобы мектебі болып өзгертіліп, 1984-1993 жылдары №226 ұзартылған күн тобы мектебінің директоры қызметін Әбілқасым Маханов жалғастырған.

№226 мектептің  директоры қызметін атқарған жылдарында «Өз ісінің озығы» значогімен және бірнеше грамоталармен марапатталған.

1992-1993 оқу жылының аяғында еңбек демалысына шықты.
  1. 1993-2008 жылдары №226 мектептің директоры қызметін Мергенбаева Күләш Бердікенқызы атқарған.
Аудандық «Жыл директоры» байқауының үш дүркін жеңімпазы, облыстық «Жыл директоры-99» кәсіптік байқауының бас жүлдегері, республикалық  «Мектеп басқару панорамасы» байқауының дипломаты, халықаралық «IREX» байқауының жеңімпазы ретінде тәжірибе алмасу үшін Америкаға жолдама алған аудандағы тұңғыш мектеп басшысы. «Әйел басқарған озат ұжым» байқауының жеңімпазы, ҚР Білім және Ғылым қызметкерлерінің III сьезінің делегаты. Жоғары көрсеткіштерге  қол жеткізгені үшін Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгімен марапатталды. Астана қаласында  өткен тәуелсіздіктің  10 жылдық мерейтойына ресми делгациямен қатысып, Мерекелік және «Ерен еңбегі үшін»  медальдарымен, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хатын» алған. Мәскеу  қаласындағы бүкілресейлік «Педагогикалық идеялар» фестивалінің дипломаты. Алматы қаласында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, «Оқушылардың білімін бағалау жүйесі» туралы жазылған еңбегі үздік жұмыс ретінде  арнайы көрмеге қойылды. Халықаралық  Қазақ тілі қоғамының, ҚР Ғылым және Білім министрлігінің,  ҚР кәсіподақтары Федерациясының Құрмет грамоталарының иегері, «Жыл адамы», «Мәртебелі мектеп директоры», «Мейірімді жан», «Демеуші директор», «Алтын ұя басшысы», «Үздік басшы» атақтарын жеңіп алған білікті басшы.

 

1995 жылы гимназия статусы берілген, 1996 жылы аудан әкімінің №103 шешімімен  мектеп-гимназияға айналдырылып, 1999 жылы ҚР Үкіметінің №441 қаулысымен гимназияға белгілі педагог Бердікен Кеулімжайұлы  Мергенбаев есімі берілген.

 

  1. 2009-2014 жылдары Б.К.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназия директоры болып Алтынбай Шарафадин Алтынбайұлы қызмет атқарған.

ҚР Президентінің «Алғыс хаты» және ҚР «Нұр Отан» ХДП-ның, Қызылорда облысының әкімінің, ҚР Халықаралық Қазақ тілі қоғамының «Құрмет» грамоталарымен, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Абай аманаты», «Ғани Мұратбаев-110 жыл»,  «Үздік түлек», «Жанқиярлық еңбегі үшін», «ҚР білім беру ісінің үздігі» төс белгілерімен марапатталуға, ҚР Журналистер Одағының  (2005)  мүшесі.

  1. 2014-2019 жылдары мектеп-гимназия директоры қызметін Көмекбай Қуаныш Есқараұлы атқарды.

Қазақстан Республикасы  Білім және Ғылым министрлігінің  Құрмет грамотасымен  марапатталған 2024 ж, Мектеп директорларының инновациялық және кәсіби маңызды тәжірибесін анықтау және тарату, білім беру жүйесіндегі мәртебесін көтеру және кәсіби имиджді қалыптастыру мақсатында өткізілген «Бір мектеп-бір жоба» атты облыстық байқаудың аудандық кезеңінде III орынмен марапатталған 2024 ж.

  1. Умирзаков Ерик Дакенович

2019 жылдың 12 маусымынан бастап  Б.К.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназияны басқарып келеді.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің  Құрмет грамотасы 2019 ж., Алғыс хат 2011 ж., Алғыс хат 2016 ж., Қызылорда облысының әкімінің Алғыс хаты 2022 ж., 2023 ж., «Үлгілі мектеп директоры» төсбелгісінің иегері ИРҒПО 2020 ж., «Үздік директор» тқсбелгісінің иегері, 2017 ж., Ғ.Мұратбаевтың 110 жылдығы төсбелгісінің «Ұстаз ұлағаты» төсбелгісінің, «Қазалы ауданының 95 жылдығы» төсбелгісімен марапатталған.