2025 жылдың 26 наурыз күні Б.К.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназиясында директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Нұргүл Аяпбергенқызының ұйымдастыруымен оқу-әдістемелік кешендер мен құралдарды сараптаудан өткізуге арналған маңызды іс-шара өтті.
Бұл шара білім сапасын арттыру мақсатында мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу, жаңа педагогикалық идеяларды талқылау және әдістемелік материалдарды жетілдіруді көздеді. Пән мұғалімдері өздерінің авторлық бағдарламаларын, әдістемелік құралдарын және оқытудағы инновациялық тәсілдерін ұсынды. Әрбір қатысушы өз тәжірибесімен бөлісіп, заманауи білім беру үрдісіне сәйкес оқу-әдістемелік кешендерді қалай тиімді қолдану керектігі жөнінде пікір алмасты.
Кездесу барысында мұғалімдер оқыту сапасын жақсарту, оқу құралдарын тиімді пайдалану және білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды. Пікірталас барысында ұсынылған идеялар мектептің оқу үдерісін жаңартуға және педагогикалық тәжірибені жетілдіруге өз үлесін қосары сөзсіз.