«Озық жетістіктер бастауы – табысты білім мен зерделі ой жемісі» онкүндігі басталды!
Бүгін, 2025 жылдың 14 сәуірінде Бердікен Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназиясының «Эстетика» әдістемелік пән бірлестігінің ұйымдастыруымен 23 сәуірге дейін жалғасатын «Озық жетістіктер бастауы – табысты білім мен зерделі ой жемісі» атты онкүндік шарасы өз жұмысын бастады.
Апталықтың салтанатты ашылу рәсімі гимназияның спорт залында жоғары деңгейде өтті. Шараға оқушылар, ұстаздар және ата-аналар қатысты.
Онкүндік аясында түрлі қызықты және танымдық іс-шаралар жоспарланған:
Көркем сурет және қолөнер көрмелері.
Музыкалық байқаулар.
Спорт және Өнер турлары.
Зияткерлік ойындар мен пікірталастар.
Шеберлік сыныптары мен тренингтер.
Бұл онкүндік оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашуға, эстетикалық талғамдарын дамытуға және білімге деген құштарлықтарын арттыруға бағытталған.
Барлық оқушыларды, ата-аналарды және ұстаздарды белсенді қатысуға шақырамыз! Бірге білім мен өнердің шыңына жетейік!