Кіру
AA+
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/kazaly226.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

«PISA тапсырмалары арқылы оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту жұмыстарын тиімді ұйымдастыру» тақырыбындағы аудандық семинар болып өтті.
Б.К. Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназияда қазанның 30-ы күні халықаралық зерттеулерге дайындық жұмыстарын ұйымдастыруға сәйкес оқушыларды функционалдық сауаттылыққа дағдыландыру жолдары, PISA тапсырмаларын сабаққа тиімді қолданудағы іс-тәжірибелерімен бөлісу мақсатында ұйымдастырылған «PISA тапсырмалары арқылы оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту жұмыстарын тиімді ұйымдастыру» тақырыбындағы аудандық семинар өтті.
Семинар барысында мектеп-гимназия педагог-психологы Шынар Есбергенова «Қоршаған ортамен қарым-қатынас» тақырыбында тренинг, химия пәнінің мұғалімі Нұрлан Утеубаев «Тотығу-тотықсыздану реакциялары» тақырыбында ашық сабақ, география пәні мұғалімі Индира Дүйсенбаева және математика пәні мұғалімі Гүлнұр Төлегенова «Математика және география сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында кіріктірілген сабақ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Мирамкүл Жөлекеш, Жанаркүл Бекжан, Ләззат Романова, Әуре Оразбаева, Нұржамал Жандилова «Мәтінмен жұмыс: білім алушыларға ақпаратты табуға және түсіндіруге қалай көмектесуге болады?» тақырыбында шебер сынып, физика пәні мұғалімі Нұрбану Барлыбай «Механика бөлімі бойынша PISA тапсырмаларын шешу» тақырыбы бойынша ашық сабақ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шынар Прманова, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айгүл Утарбаева, ағылшын тілі пәні мұғалімі Бибінұр Аймагамбетова «PISA тапсырмаларын лингвистикалық салада интеграциялау: пәнаралық тәжірибелер» тақырыбында оқыту тренингін өткізді.