Практикалық жұмыс - 2025
Құттықтаймыз!
Информатика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту, инновациялық педагогикалық қызмет үлгілерін анықтау және тарату мақсатында ұйымдастырылған "Практикалық жұмыстар - 2025" байқауында мектеп - гимназиямыздың информатика пәні мұғалімі Дүйіс Жадыра топтық жұмыс кезеңі бойынша ІІ орын иеленді!
Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа белестерді бағындырып, шығармашылық табыс пен толағай жетістіктерге жете беріңіз!