2025 жылдың 31 наурыз күні Б.К. Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназиясында жас мамандар жетекшісі Қабақбаева Гүлдананың ұйымдастыруымен “Сабақты зерттеу: нәтиже мен ізденіс” тақырыбында тәжірибелік шара өтті.
Бұл іс-шара жас мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдау, сабақты зерттеу әдістемесін жетілдіру және тиімді педагогикалық тәсілдерді тәжірибеде қолдану мақсатында ұйымдастырылды.
Физика пәнінің мұғалімі Барлыбай Нұрбану қатысушыларға ықшам сабақтың ерекшеліктерін, оны тиімді ұйымдастыру жолдарын көрсетті. Ал математика пәнінің мұғалімі Жадан Сәлімжан заманауи білім беру жүйесіндегі маңызды әдістемелердің бірі – “Кері дизайн” тәсілі туралы түсіндірме жасап, оның оқу үдерісіндегі артықшылықтарын талдады.