«Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз» байқауы өтті
Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттыру және инновациялық белсенділіктерін дамыту мақсатында 14 - 19 ақпан күндері Ы.Алтынсарин атындағы №204 орта мектепте «Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VIІ Республикалық байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқауға білім беру ұйымдарынан еңбек өтілі 0 - 3 жыл аралығындағы жас ұстаздар қатысты.
Сайыс ережесі бойынша қатысушылар эссе жазу, өзін - өзі таныстыру және бейтаныс сыныпта сабақ беру тапсырмаларын орындау арқылы сайысқа түсті.
Доданың комиссиясы екі күндік сайыс қорытындысы нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.
І орын - Б.К.Мергенбаев атындағы №226 мектеп -гимназияның физика пәні мұғалімі Барлыбай Нұрбану;
ІІ орын - Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп - лицейдің тарих пәні мұғалімі Алмас Дана; С.Сейфуллин атындағы №165 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Әлимуса Шырынкүл;
ІІІ орын - №288 орта мектептің география пәні мұғалімі Базарбаев Досымжан және
№94 орта мектептің математика пәні мұғалімі Алпамыс Самалбек иеленді.