Жас педагогтердің шығармашылық потенциалын және әлеуметтік мәртебесін көтеру мақсатында өткізілген "Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз" тақырыбындағы жас мамандар арасындағы мектепшілік байқауы қорытындыланды.
1 - орын - физика пәні мұғалімі Барлыбай Нұрбану,
2 - орын - математика пәні мұғалімі Жадан Сәлімжан,
3 - орын - биология пәні мұғалімі Болатбекқызы Перизат,
3 - орын - көркем еңбек пәні мұғалімі Дабылова Дана.
Жеңімпаздарымызды құттықтап, Барлыбай Нұрбануға аудандық кезеңде сәттілік тілейміз! Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс және жаңа биіктерді бағындыруды тілейміз!