Жас маман - жаңашыл ұстаз!
Мектеп-гимназиямыздың жас маман, физика пәні мұғалімі Барлыбай Нұрбану жалпы білім беру ұйымдарының жас педагогтерінің әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында өткізілген "жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз" байқауының аудандық кезеңінде жеңімпаз атанып, облыстық кезеңге жолдама жеңіп алды!
Жас маманның табысы - жаңа білімге деген талпынысының нәтижесі!
Нұрбану ұстазымызға алдағы облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!
Жаңашылдықпен білім беріп, шәкірт тәрбиелеуде биік белестерді бағындыра беріңіз!
Жас мамандар - еліміздің білім саласындағы жарқын болашағы!